Балқаштағы «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті»

Балқашта «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі өтті. Іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр және Қарағанды облысының барлық өңірлерін қамтиды. Фестиваль ұйымдастырушылары – облыстық бос уақыт және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы және мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы қазақ халқының мәдениетін шығармашылық, музыка, қолөнер, ойын және спорт арқылы көрсетуді мақсат етеді.

Шараға орай М. Хамзин атындағы Балқаш мәдениет сарайы ұлттық нақышта безендірілді. Келушілер назарына «Шеберлер қаласы» халық қолөнершілерінің экспозициясы ұсынылды. Мұнда киіз кілемдерді, текеметтерді, зергерлік бұйымдарды, ұлттық костюмдерді және т. б. көруге болады. Сондай-ақ ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Жергілікті спортшылар қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетті.

Қазылар алқасы балқаштықтардың шығармашылық дарындарын да бағалады. «Сайын далам – Сарыарқа» театрландырылған қойылымына әншілер мен айтыскерлер қатысты.

Қыркүйек айында «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» Осакаров, Бұқар Жырау, Нұра, Абай аудандарында, сондай-ақ Қарағанды мен Теміртауда өтеді.

Фестиваль аяқталғаннан кейін үздік шеберлер мен орындаушылар желтоқсан айында облыс орталығында өтетін гала-концертте өз өнерін көрсетеді.