«БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» Акциясы өтуде
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі жылдағы дәстүр бойынша «Бақытты балалық шақ» акциясын ұйымдастыруда. Акцияның мақсаты — балаларға қатысты өрт қауіпсіздігінің алдын алу.
От жағу мезгілі жауапкершілікті талап ететін күрделі кезең, оған түбегейлі дайындалу қажет.
Осы уақытқа дейін болған өрттердің талдауына жүгінетін болсақ барлық өрттер мен жану жағдайларының жартысынан көбі жылыту приборларын және от жағатын пештерді дұрыс қолданбаудың салдарынан.
Өрт – деген тілсіз жау, оның салдарынан адамдар баспанасынан, мүліктерінен айырылып қалулары мүмкін.
Пештен шығатын өрттердің себебі пешті салу кезінде жіберілген өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтары.
Үлкен адамдардың қарауыңсыз қалған балалардың отпен және басқа да жылу көздерімен ойнауы тұрмыстық өрттің шығу себептерінің бірі. Бұндай жағдайда шығатын өрттің балаларға үлкен қауіп төндіретінін ескертеміз.
Электр тоғынан шығатын өрттердің негізгі себебі, қысқаша тұйықталу мен электр жүйесіне шамадан тыс жүктеме беру болып саналады. Бұндай жағдай туындамас үшін электр желілері жарамды күйде болуы керек, ал қысқаша тұйықталу мен электр жүйесіне шамадан тыс жүктеме беруден (бір уақытта бірнеше электр құралдарын косқанда) шығатын өрттердің алдын алу үшін электр тоғын тарату қалқанында міндетті түрде зауытта жасалған сақтандырғыштар болуы тиіс.
Егер электржүйесіне сақтандырғыщтың орнына қалың сым пайдаланылса, ол қысқаша тұйықталу кезінде балқып үзілмей қалуы мүмкін, яғни қорғаныс істемей, электр жүйесінде тоқ қалады.
Бұл жағдайда сымдар балқығанша қызады, оқшаулау қабаты тұтанады, сосын одан шыққан жалын үй ішіндегі жанғыш заттар арқылы таралып өрт шығады.
Міне сондықтан әрқашан зауытта жасалған сақтандырғыштарды қолданған жөн.
Қысқаша тұйықталу электр желілерінде де болуы мүмкін, сол себептен электр сымдары жарамды күйде болуы керек.
Өрт электр шамынан да шығуы мүмкін, себебі лампа ішіндегі вольфрам сымы қызған кезде көп жылу бөледі. Бұндай жағдай туындамау үшін лампалар жанғыш материалдармен жанаспауы тиіс.
Өрт тұрмыстық электр құрылғыларынан да жиі шығады, олар зауытта жасалған және жарамды күйде болса да. Егер электр жүйесіне бір мезгілде бірнеше осындай құралдарды қосқан кезде, бұл тоқ сымдарының шамадан тыс жүктелуін және қызуына әкеліп соғады, яғни өрттің шығуына әкеледі. Дұрыс пайдаланбаған жағдайда өрт бір электржылыту құралынан да (үтік, шәйнек, жылытқыш) шығуы мүмкін.
Сондықтан ток көзіне қосылған құралдарды қараусыз қалдыруға немесе жас балалардың қарауына қалдыруға тиым салынады. Электр құралын жанғыш заттардың үстіне қоюға, сонымен қатар оларды перде, ағашаралық қабырғалар және басқа да тез тұтанғаыш заттардың жаңында қосуға болмайды.
Медет ИСМАЙЛОВ,
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты.