Бұл – әр азаматтың жауапкершілігіндегі іс

Сыбайлас жемқорлық – әлі де күн тәртібінен түспей тұрған өткір қоғамдық мәселе. Қалың жұртшылықтың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің міндеті. Бұл – қате пікір. Әрбір отандасымыз, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өзі өмір сүріп отырған ортаның, қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс.

Күнделікті халық арасында «ана жерде пәленше деген сыбайласып жеп кетіпті», «қомақты қаржы ұрлап, шетел асыпты» деген қаңқу сөздердің жиі айтылатыны жасырын емес. Ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында да ашық айтылып жатады. Осы сыбайлас жемқорлық деген не, ең бірінші осы мәселені ашып алған орынды. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік биліктегі, яғни, басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілердің қамқорлығының немесе оның бүркелемеуі сондай-ақ, тікелей ұйымдасуы арқылы мемлекеттің мүлкін, қаржысын ұрлауы болып табылады. Бір адамның екінші адамға тікелей тәуелділігі арқылы ақшалай, заттай пара алу немесе беруі сыбайласудың ауыр түрі екені белгілі. Жалпы сыбайласу экономикалық қылмыс жолымен пара беру, алу мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне ауыр соққы әкелетіні, сондықтан, оны жоюдың пәрменді шараларын қолға алу қажеттілігі кез-келген мемлекеттің күн тәртібінен түспеген. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген.

Бұл Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ, оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Эльдар АҚБАСОВ,

Ұлытау аудандық

Қазынашылық басқармасының басшысы.