Бүгіннен бастап Қазақстаннан үшінші елдерге картоп экспорттауға тыйым салынды

28 қаңтардан бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге картоп шығаруға 6 айға тыйым салынды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шектеу Еуразия экономикалық одақ елдеріне қойылмайды.

Айта кетейік, былтыр 605 мың тонна картоп экспортталып, соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл ішкі нарықтағы бағаға айтарлықтай әсер етті.