Бұқар жырау ауданында — жаңа әкім

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі болып бұрын Шахтинск қаласын басқарған Сержан Аймақов тағайындалды.

Сержан Аймақов 1989 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Түрлі лауазымдарды атқарды. 90-жылдары Қарқаралы қаласы әкімінің орынбасары болды, Қарқаралы ауданы Салық комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2000-2007 жылдары Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Кейін Қарағанды облысының құрылыс басқармасы бастығының орынбасары болды.

Сондай-ақ Қарқаралы және Осакаров аудандарының әкімі болып жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шахтинск қаласын басқарды.

Бұқар жырау ауданының әкімі Шағурашид Мамалинов зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметінен босатылды.