Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек ері, Ұлытау облысының Құрметті азаматы Төрегелді Шарманұлы 94 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
Ол денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарды. Қазақ тағамтану академиясының басшысы болды.
Төрегелді Шарманов – Ресей медицина ғылымдары академиясының және Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары марапаты – Леон Бернард атындағы медаль иегері. Бұл медальмен әлемде 43 адам марапатталған.
Бүгін «Qazaqstan» телеарнасынан сағат 16:35-те академик туралы «Тұлға» деректі фильмі көрсетіледі.