Қазақстандық министрлер онлайн-қабылдау өткізеді
Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы азаматтарды қабылдауды қайта бастады. Карантиндік шараларға байланысты олар онлайн форматта ұйымдастырылатын болады. Министрлер, Nur Otan партиясы мүшелерінің қазақстандықтарды қабылдайтын күндері тізімі:
— 3 ақпан — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
— 5 ақпан — Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова;
— 17 ақпан — Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов;
— 18 ақпан — Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді;
— 19 ақпан — экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев,
— 24 ақпан — Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев;
— 25 ақпан — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов;
— 26 ақпан — Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.
Қабылдауға жазылу үшін Call-орталыққа хабарласу қажет: 8-800-080-4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), Whatsapp арқылы жазу: 8-700-800-4441 немесе электрондық пошта: komek@nurotan.kz.
Өткен жылы Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп.