Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды
Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан III орынды иеленді. Ол бұл сайыста 261.2 ұпай жинады.
Мадхья-Прадеш штатындағы сайысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.