Қазақстанда «Үздік YouTube арнасы» және «Үздік подкаст» номинациялары бойынша сыйлық беріледі

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қапшағайда өтіп жатқан І Халықаралық медиа және туризм форумында мәлімдеді.

«Қыркүйек айында біз Astana Media Week, New Media форумы және «Үркер» телевизиялық сыйлығын біріктіріп өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл «Үркер» сыйлығында «Үздік YouTube арнасы» және «Үздік подкаст» сынды екі жаңа аталым қосып отырмыз. Бұл саланың дамуына серпін беріп, түркі әлемін жақындастыра түседі деп санаймыз», — деді министр.