Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы 25 қыркүйекте басталады
АЭС-ке үздік атау беру бойынша ұсыныстар eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылданады. Ұсыныстар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданады.
Ал АЭС-тің үздік атауы қазан айының соңына дейін анықталады.
«Конкурс ашық әрі айқын өтеді. Әрбір азамат АЭС-ке өз атауын ұсына алады, ал комиссияның қорытынды шешімі қазан айының соңына қарай белгілі болады», — делінген Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарламасында.
Айта кетейік, комиссия құрамына қоғам өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласындағы сарапшылар бар.