Қазақстанда міндетті вакцинация мерзімі ұзартылды

Міндетті иммундауға жататын қазақстандықтар КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 2021 жылғы 10 тамызға дейін, екіншісін – 1 қыркүйекке дейін алуы тиіс.

Бұл мерзімдерді жаңа қаулыда Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов белгіледі.

Соңғы үш ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және КВИ-мен ауырған адамдар иммундауға жатпайды.

«КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты/уақытша медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы анықтаманы учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда – фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін (қажет болған жағдайда) береді. Бұл ретте диагноз пациенттің келісімі бойынша көрсетіледі», – делінген қаулыда.

Қаулының толық нұсқасын ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтынан алуға болады.