Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18, 19 және 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды saryarqanews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Болжам бойынша, Қара теңіз аудандарынан келетін Батыс антициклоны Қазақстан аумағындағы ауа райына әсер етеді. Антициклон әсерінен елдің солтүстігінде күн суытып, жауын-шашын тоқтайды.

«Ал Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан келетін Циклон ауа райына әсер етеді. Жаңбыр мен қар жауып, екпінді жел соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Осылайша солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде термометр бағандары түнде 10-25 градус аязға, батыста 5-15 градус аязға, оңтүстікте 0-15 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған», — делінген хабарламада.