Қазақстанда 12 млн тонна астық бастырылды

2021 жылдың 15 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 13,2 млн гектар жерден (83,3%) дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гекатарына 9,1 центнерді құрап, 12 млн тонна астық түсті.

Егін егетін негізгі үш өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 млн гектар жер орылып (86%), 8,2 млн тонна астық жиналды.

Бұл өңірлердегі өнімділік гекатарына 8,3 центнерді құрады.

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша