Қазақстан Орталық Азия елдері арасында орташа жалақы бойынша көш бастап тұр

ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті жариялаған мәліметтерге сәйкес, былтыр қыркүйекте Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 817,2 доллар болған.

Өзбекстанда бұл көрсеткіш 437,8 доллар болса, Қырғызстанда орташа жалақы 411,2 долларды құрады.

Ал Тәжікстанда 242,8 доллар. Түркіменстандағы ресми номиналды жалақы туралы ақпарат жоқ.