Қазақ радиосының эфиріне жеті тілде шығатын «Достық» бағдарламасы оралады

Қазақ радиосының «Достық» радиобағдарламасы күн сайын шығып, жеті тілде шырқалатын болады. Бұл ұйғыр, түрік, орыс, неміс, өзбек, татар және украин тілдері. Радиобағдарламаның әрбір нөмірінде этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері, еліміздің түрлі өңірлеріндегі Достық үйлері өкілдерінің өмірі туралы айтылатын болады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақ радиосының тұрақты тыңдаушыларына «Достық» бағдарламасы жақсы таныс. Ол бұрындары да эфирге шығып тұрған. Кейін «Бәйтерек» деп те аталды. Алайда жүз жылдықтың қарсаңында Қазақ радиосының бұрынғы атауын бағдарламаға қайтару және контентін жаңарту туралы шешім қабылданды. Бағдарлама тілдерін таңдау кездейсоқ емес. Аталған этностардың өкілдері Қазақстанда көп тұрады.

Жобаның басты мақсаты — Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға ықпал ету.

Бағдарлама 16.40-да эфирге шығады.

assembly.kz