«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметінен Қарсақбай мыс балқыту зауытын консервациялауға қатысты ресми ақпарат

Қарсақбай мыс балқыту зауыты көп жылдық тарихы бар, Қазақстанның түсті металлургиясын дамытудың бастауында тұрған кәсіпорын. Кәсіпорынды 95 жыл бұрын біздің отандасымыз, ғалым Қаныш Сәтбаев ашқан.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығы Қарсақбай мыс балқыту зауытының тарихи маңыздылығын және оның компанияның және жалпы Жезқазған өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін терең бағалайды.
 Бүгінгі таңда зауытты консервациялау бойынша Жол картасын дайындауды қоса алғанда, іс-шаралар кешені әзірленуде. Сонымен қатар, бұл процесс бір мезгілде емес және мұқият зерттеуді қажет ететініне назар аударамыз.
 Сонымен бірге, осы кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету міндеті басым болып табылады.
2022 жылдың 2 желтоқсанында жұмыс жиналысы кезінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқармасы зауыт қызметкерлеріне ешкім жұмыстан босатылмайтынына және табысынан айырылмайтынына кепілдік берді.
 Қазірдің өзінде зауыт қызметкерлерін еңбекақы төлеу қорын сақтай отырып, «Қазақмыстың» басқа кәсіпорындарына жұмысқа орналастыруға қатысты бірқатар тапсырма берілді.
 Қарсақбай мыс балқыту зауытының тарихи құндылығы мен маңыздылығын назарға ала отырып, «Қазақмыс» басшылығы консервациялау кезеңінде мыс балқыту зауытының тұтастай сақталуына кепілдік береді.
 Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.