«Қазақмыс» 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысын көтереді

«Қазақмыс» тобы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің барлық санаттарына орташа есеппен 8,3 пайызға жалақыны сараланған түрде көтеру туралы шешім қабылдады. Компания бұл ағымдағы инфляциялық процестерге байланысты екенін айтады.

— Өтіп бара жатқан жыл компанияның барлық еңбек ұжымдары үшін және жалпы ел үшін күрделі сынақ болды. Бірақ ол бізге ұйымшылдық пен қолдауды, бір-бірімізге деген қамқорлықты тағы да сезінуге көмектесті. Жылды қорытындылай келе, біздің кеншілерге, металлургтерге, байытушыларға, топтың барлық қызметкерлеріне аса күрделі пандемия жағдайындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Біз бірге өндірістік міндеттерді табысты орындадық, ең бастысы, адамдардың денсаулығын сақтадық, — деп «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай еңбек ұжымына үндеу тастады.

Компания жыл бойы өз қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсетуде. Барлық қызметкерлер екі рет 100 мың теңгеден төлем алды. Жалақы көктемде өсті.

Эдуард Огай өз үндеуінде Тәуелсіздік күніне орай жыл қорытындысы бойынша сыйақы — 13-ші жалақы төленетінін хабарлады.

Қазақмыс жыл сайын өз қызметкерлерінің жалақысын көтереді. Топ кәсіпорындарында 37 мыңнан астам адам еңбек етеді.

kazakhmys.kz