Қазақ елінің дамуына үлес қосуға міндеттіміз

Қазақ елінің өркендеуі мен болашағы ең алдымен елдегі әрбір азаматтың еңбегімен, ынтасымен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Биылғы Жолдауда айтылғандай, мемлекетті дамытатын – үкімет қана емес, әрбір адамның күнделікті атқарып жүрген ісі, ұмтылысы, білімге құштарлығы және қоғамға қосқан үлесі.

Бүгінгі заманда бәсекеге қабілетті ел болу үшін әр салада үздік болуға талпыну қажет. Жастардың сапалы білім алуы, үлкендердің еңбекқорлығы, кәсіпкерлердің жаңашылдығы, мұғалімдердің адалдығы, дәрігерлердің жауапкершілігі – бәрі бірігіп, Қазақстанның дамуына әсер етеді. Бұл Жолдауда ерекше аталып өткен басымдықтармен де үндеседі.
Елдің болашағы – азаматтардың қолында. Әркім өз ісін тиянақты орындап, қоғамға пайда әкелсе, ұлттың дамуы да жеделдей түседі. Сондықтан «Қазақ елінің дамуы – әр азаматтың еңбегінен басталады» деген сөз – жай айтылған ұран емес, шынайы өмірлік қағида. Жолдауда көрсетілген бағыттар да осы ортақ жауапкершілікті айқын көрсетеді.

Назыкеш
БЕКМАҒАНБЕТОВА,
Аманкелді ауылдық
округінің бас маманы.