Автодүкен ашылды
Аудан орталығында «Бекболат» атауымен автодүкен ашылды. Дүкен иесі – Ғибадат БЕКЕТАЙ. Ол бұған дейін жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған аудан әкімінің грантына ие болып, үйінің жанынан 2019 жылы шағын дөңгелек жөндеу шеберханасын ашқан болатын. Бүгінгі күні жас кәсіпкер кәсібінің ауқымын кеңейтіп, өз қаражатымен автодүкен ашып отыр.
Ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек, еңбек ардагері Жаңбыр Жанабаев қатысып, дүкеннің лентасын қиды.
Дүкен ғимаратының екінші бөлігінде автокөлік дөңгелегін ауыстыруға арналған шеберхана орналасқан. Ал, дүкенде көліктерге қажетті құрал-жабдықтар сатылады. Жас кәсіпкер келешекте бір адамды жұмыспен қамтуды жоспарлауда.
Біз осы ретте, жас кәсіпкердің анасы – Гүлнар Бақаеваны әңгімеге тартқан едік.
— Балам Ғибадат 2019 жылдан бері кәсіпкерлік саласымен айналысып келеді. Оқу орнын бітіріп келгелі осы салада халыққа қызмет көрсетуде. Алғашқыда үйдің маңынан шағын шеберхана ашты. Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, бүгінгі күні кәсібінің ауқымын кеңейтуде. 3 жылдай уақыт болды кәсіпкерлік саласына жемісті еңбек етіп келеді. Өз қаражаты арқылы кәсібін іргерлетуде. Мен оған әркез қолдау көрсетуге дайынмын, — дейді анасы Гүлнар.
Жасұлан АЯШЕВ