Ауылдық округ әкімі лауазымына сайлануға үміткерлер назарына!
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес, ауылдық округ әкімі лауазымына сайлануға үміткер ретінде ресми тіркелген тұлғалар сайлау қарсаңындағы бағдарламалары мен үгіт-насихат материалдарын баспасөз бетінде ақылы негізде жариялауға құқылы.
Соған орай, Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінің редакциясы» ЖШС материалдарды жариялау төлемақысы төмендегідей мөлшерде бекітілгенін хабарлайды:
- Газеттің бірінші және соңғы түрлі-түсті беттеріне: әр см2 – 180 теңге.
- Ішкі беттерде әр см2 – 90 теңге.
- Бірінші түрлі-түсті бетке берілетін материал көлемі 200 см2-ден аспауы тиіс.
Ескертулер:
- газет аптасына бір рет – сенбі күндері жарық көреді;
- жариялануға ұсынылатын материалдар газеттің келесі номері шығатын аптаның бейсенбісінен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс;
- үміткерлердің материалдары «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңы талаптарына сай болуы – міндетті.
Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінің
редакциясы.