Ауыл әкіміне үміткерлер тізімі бекітілді

«Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюросында бекітілген күн тәртібіне сәйкес, партияның аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы онлайн режимде өткізілді. Конференцияны жүргізу тізгінін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы – аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ ұстады.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырмас бұрын конференция делегаттарының өкілеттіктерін бекіту жөнінде мандат комиссиясының төрағасы Гүлжан Көпеева хабарлама жасап, ол мақұлданды.Партияның аудандық филиалының басты жиынының күн тәртібіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сəйкес, тұңғыш рет халықтың тікелей дауыс беруі арқылы өткелі отырған кенттер мен ауылдық округтер əкімдерінің сайлауын талап деңгейінде өткізу туралы мəселе қойылды.

Өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты Аманкелді,Сарысу,Шеңбер, Алғабас, Жанкелді, Қоскөл ауылдық округтерінің əкімі лауазымына кандитаттардың тізімін «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жомарт Бегаев ұсынды.

Конференция делегаттары ауыл əкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған үміткерлерге толық қолдау білдірді.Оларды тіркеуге ұсыну жөнінде шешім қабылданды.

Өз тілшімізден.