Ауыл ауызбірлігі — табыс кілті

Борсеңгір ауылдық округі әкімі Бауыржан Әлімбектің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты биылғы халыққа Жолдауында атап өткендей «Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз». 2020 жыл барлық елдерге үлкен сын жылы болды. Әлемді жаулаған індетпен күресте Қазақстан халқы бір жұдырықтай жұмыла білді. Мемлекет тарапынан оқшаулау кезінде табыс көзінен айырылған 4,5 милионнан астам азаматтарымызға 42 500 теңге көлемінде көмек берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясының бастамасымен 550 мыңнан астам отбасы «Біргеміз» қорының қолдаумен бір реттік қаржылай көмекке ие болды. Елімізде қаншама волонтерлық штабтар құрылып, халыққа қол ұштарын созды. Еліміздің қаншама кәсіпкерлері өз қаражаттарына халықты дәрі-дәрмек, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Дана халқымыз «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді, алайда қатерлі дертпен күрес әлі де жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл уақыт керек. Ендеше, пандемияға қарсы күресте Қазақстан халқы күш-жігерін жоғалтпайтынына сену парыз деп есептеймін.

Селоның әлеуметтік сипаты

Борсеңгір селолық округінің құрылған жылы 1963ж
1 Жалпы жер көлемі 575 509 га
Оның ішінде:
Шаруа қожалықтарында 237372 га
Шабындық жер 4200га
Жайлымдық жер 321 125 га
Елді мекендерге қарасты жер 12 812 га
Халық саны 634 адам
Оның ішінде:
2 Ер адам 306 адам
әйел адам 328 адам
Еңбекке жарамдысы 328 адам
Зейнеткерлер 76 адам
Мүгедектер 13 адам
Мүгедек балалар 3 бала
Көпбалалы аналар 14 адам
3 Жұмыссыздық деңгейі 0,1%

2020 жылы жұмыссыздыққа тіркелгендер саны 2 адам, оның ішінде: қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны 2 адам.

Биылғы жылы бір отбасы аз қамтылған отбасы ретінде адрестік әлеуметтік көмек алады.

Қаржы саласы бойынша

Кірістер

2020 жылға нақтыланған бюджеттің кірістер бөлігі бойынша 42 млн 648,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде:

– Салықтық түсімдер — 823,0 мың теңге;

– Салықтық емес түсімдер – 614,0 мың теңге;

– Трансферттік түсімдер – 41 млн 101,0 мың теңге.

Орындалысы:

– Салықтық түсімдер – 1 013,8 мың теңге немесе 123,1%;

– Салықтық емес түсімдер – 614,1 мың теңге немесе 100%;

– Трансферттік түсімдер – 41 млн 101 мың теңге немесе 100%.

Жалпы кірістердің орындалысы 100,4 пайызды құрап отыр.

Шығындар

Аппарат шығындары – 35 млн 144,0 мың теңге, орындалысы 35 млн 134 мың теңге немесе 99,9 пайыз.

Ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 2 млн 954,0 мың орындалысы 2 млн 954 мың 100 пайыз.

Көше жарығын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 1 млн

Елді мекендері көгалдандыру мен абаттандыру бағдарламасы бойынша 1 млн 860,0 мың теңге, орындалысы 1 млн 860,0 мың теңге 100 пайыз.

Автокөлік жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 1 млн 500,0 мың теңге, орындалысы 1 млн 500,0 мың теңге 100 пайызды құрап отыр.

Ауылшаруашылығы саласы

Борсеңгір селолық округіне қарасты 73 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруа қожалықтары қыстақтарының шеті Шұбарқұдық, Тобылғылы құмы, Жиделі құмында.

Селолық округ бойынша 4 ш/қ иелері 13 бас асыл тұқымды /әулиекөл,ақбас/ бұқалар сатып алып, 380 бас аналық сиыр малына қосу арқылы соңғы 5 жылда мал басын асылдандыру бағытында жұмыстар атқарып келеді.

2020 жылға жоспарға сәйкес шаруа қожалық иегерлеріне су ұңғымасын қазу жұмыстары атқарылды. Нақтырақ 9 шаруа қожалық иегерлеріне 17 дана су ұңғымасы қазылды. Оның 6 данасынан ішуге жарамды тұщшы су шықты.

Мал азығын дайындау жұмыстары бойынша ауыл басына 1500 тонна шөп түсірілді. Жезқазған қаласының жеке кәсіпкерлері тарапынан 30 тонна жем (комбикорм) азығы сатылды.

«Сыбаға» несиелік бағдарламасы бойынша

Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры арқылы «Жумабаев Б.» шаруа қожалығы жалпы құны 29 млн тг 62 бас асыл тұқымды ақбас малын сатып алды.

Ағымдағы жылға 10 бас жылқы малын сатып алуға 1 шаруа қожалығы «Ұлар» несие серіктестігіне құжаттарын өткізді.

Негізгі капиталға салынатын салымдар бойынша ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бағыты бойынша «Алдамкулов К» ш/қ өз қаражатына 1 дана, Шамбулов Ғазиз өз қаражатына 2 дана роторлық косилка сатып алды.

Мал басы

01.12.2020 жылғы дерекқор бойынша селолық округте 12 944 бас тіркелген. Оның ішінде 3029 бас мүйізді ірі қара малы, аналығы 2351 бас, ағымдағы жылға төлі 1653 бас. Ұсақ мал 7573 бас, аналық мал 3825 бас, ағымдағы жылға төлі 2850 бас. Жылқы 2290 бас, аналығы 1916 бас, ағымдағы жылға төлі 628 бас. түйе 52 бас, аналығы 42 бас, ағымдағы жылға төлі 5 бас.

Ветеринария саласы

Республикалық нысаналы ағымдағы трансферттен бөлінген қаржы есебінен жүргізілген ветеринариялық профилактикалық шаралар бойынша Сібір жарасына 4000 бас МІҚ, жылқы маңқаға – 50 бас, қарасан ауруына 1800 МІҚ егілді. Бруцеллезге қарсы 4000 бас МІҚ, 2000 бас ұсақ мал, Туберкуллезге қарсы 3439 мүйізді ірі қара егілді. 15 бас иттерге эхиноккозға қарсы дәрі берілді. Обаға қарсы – 20 түйе егілді. 100құс тұмауға қарсы егіді.

Мал басы санағын жүргізу бойынша, 01.01.2021 жылғы қысқа түсетін шаруа қожалық және үй шаруашылықтарындағы жалпы мал басы саны анықталды, оның ішінде:

Көрсеткіштер атауы 2018 2019 % 2020 2021 %
1 Ұсақ малдар 6774 7350 108,5 3029 3210 106
2 Ірі қара малы 2850 2910 102,1 7573 7850 104
3 Жылқы басы 2100
2215 105,5 2290 2650 116
4 Түйе басы 49 51 105 52 55 105

Білім саласы бойынша

«Мінәжат Мыңқаев атындағы №10 Борсеңгір ЖОББ мектебі» КММ-і 2020-2021 оқу жылын 77 оқушымен бастады.

Мектепте 24 мұғалім дәріс береді. Оның ішінде 1 мұғалім зерттеуші, 8 мұғалім сарапшы, 5 мұғалім модератор, І-санатты 4 мұғалім, ІІ санатты 2 мұғалім, 4 мұғалім санатсыз. Мектеп алды даярлық сыныбында 12 оқушы, 1-11 сыныптарда 65 оқушы білім алуда.

Мектеп екі ауысымда жұмыс істеп тұр. Пандемияға сәйкес ара қашықтықты сақтау, қабаттарға антисептиктер қою жұмыстары жүргізіліп, мектеп медбикесі қашықтық термометрмен және пульсиметрмен қамтамасыз етілді. Балалардың температурасы күнделікті тексерілуде.

Биыл оқу жылының басында «мектепке жол» акциясы аясында «Жезқазған мұнай құбырлары» АҚ тарапынан көп балалы, аз қамтылған отбасыларының оқушыларына тегін мектеп жабдықтары мен спорттық киімдері таратылды.

2020 жылы мектепке 11 млн 750,0 мың теңгеге жаңа модульдік жылу қазандығы орнатылып, іске қосылды.

Денсаулық сақтау саласы

Жыл басынан орын алған пандемияға қарсы ауыл тұрғындарына 3 мәрте тегін маскалар таратылды. (150 дана). Әлеуметтік дәріхана 10 айда екі мәрте ауыл орталығына келіп қызметін көрсетті. 1 рет жылжымалы денсаулық кешені келді.

Ауыл тұрғындарының жинаған қаражатына 1 дана оттегі концентраты, 3 дана қашықтық термометрі және 3 дана пульсиметр алынып, мектеп дәрігеріне, ФАП қызметкерлеріне берілді.

Ауыл әкімшілігі жанынан құрылған жедел әрекет ету тобымен ауылдағы азық түлік дүкеніне, клуб үйіне, мектепке шығып, санитарлық нормалардың сақталуын, індеттен қалай қорғанудың жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін 4 мәрте рейд ұйымдастырылды. Рейд қорытындысында ешқандай әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталған жоқ. «Ковид-19» тақырыбында 4 дана баннер ілінді, парақшалар таратылды.

Байланыс

Борсеңгір селосында 1 пошта бөлімі жұмыс істейді. АТС санды, телефон номерлері – 68, жеке тұлға 64, заңды тұлға 4, сонымен қатар Сымтас бөлімшесінде – 8, ұялы байланыс Beeline, Tele-2.

ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ саласы

Ток жүйесі бойынша, орталықтандырылған ток көзін пайдаланушылар саны — 89 үй және 6 мекеме бар. КТП — 6 дана, оның ішінде: бүгінгі күні селоның ішкі ток желілерінің тозығы жетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінің электригі лауазымы бос тұр.

Селода, жалпы көше жарықтарын қамтамасыз етуге 80 жарық шам бағандары орналасқан, олардың жалпы ұзындығы 2,4 км. Көше жарығына 1 млн 190 мың теңге қаралды.

Борсеңгір ауылы мен аудан және жақын қала аралығы жолдарының 20 км-і көтерме жол, қалған 210 км асфальтталынған жол. Борсеңгір селосы мен Сымтас, Тобылғылы, Жиделі аралықтағы жер жолдар қанағаттанарлық. Теректі – Борсеңгір арасындағы көтерме жолға бөлінген қаражат жоқ.

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру бағдарламасы

Селолық округ тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін келісім-шарт КГП «Жезбұлақ» кәсіпорнымен жасалды. Кәсіпорын 2 адамды жұмыспен қамтиды. 2020 жылға ауыз сумен қамту үшін КГП «Жезбұлақ» мекемесіне 2 954 000 мың теңге төленді. Жыл бойы ауыл тұрғындарына ауыз су белгіленген уақытта колонкалардан жіберіліп тұрады. Ауыл тұрғындарының 80 пайызы өз күштерімен үйлеріне ауыз суды кіргізіп алған.

Әлеуметтік сала бойынша

Борсеңгір ауылы бойынша 1 дүкен халыққа қызметін көрсетуде. Ауыл тұрғындарының арасында жеке кәсіппен шұғылдануға тарту туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 тұрғын қоғамдық монша құрылысын бастап, жоспармен 2021 жылы мамыр айынан бастап іске қосады.

Борсеңгір ауылдық округі бойынша жұмыспен қамту биржасы арқылы 2 адам тартылып, тамыз-қазан айларында ауылдың пилондарын, билбордттарын сырлау, автокөлік жолдарының жиектеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мәдениет саласы

Ауылдық клуб үйінде 3 үйірме жұмыс істеп тұр. Олар: «Айару» би үйірмесі, қатысушылар саны 6 адам, «Сиқырлы қалам» сурет үйірмесі, қатысушылар саны 10 адам, «вокал» үйірмесі, қатысушылар саны 7 адам.

Жыл басынан бері бекітілген жоспардағы 10 іс-шараның 4-і өткізілді. Елде орын алған пандемияға байланысты жоспар толығымен орындалмады.

Биыл «2020 жол картасы немесе жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аясында ауылдық клуб үйіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, шатыры ауыстырылды, едені тегістелді, жылу жүйесі және терезелері ауыстырылып, сырты қапталды.

Қоғамдық тәртіп

Борсеңгір селолық округі аумағында полиция участкелік инспекторымен қоғамдық аулада қылмысты болдырмау, әкімшілік құқық бұзушылардың алдын алу жөнінде қылмыс болған жағдайда дер кезінде қылмысты ашу барысында бірқатар жұмыстар атқарылды. Әкімшілік құқық бұзғандарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Халықпен өткізілген жоспарлы жиындардан тыс, село әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесе отырып, «участок» жедел іс-шарасы бойынша үйлерді аралау жұмыстары жүргізілді.

Атқарылған жұмыстар

2020 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға «Кәрі» тоғанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, су ағар шлюздарының қақпақтары орнатылды, суды лиманға бағыттайтын басты шлюз жаңартылып қақпағы қойылды. Жобаның іске асыру құны 4 млн 900,0 мың теңге.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес қатысу бюджеті арқылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға ауыл орталығына «Воркаут» спорт алаңы орнатылды. Алаңда 8 дана спорт инвентары және демалуға арналған шағын орындығы орналасқан. Жоба құны 1 млн 500,0 мың теңге.

Ауыл орталығында орналасқан балалар алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қирап тұрған екі ойын алаңынан 1 ойын алаңы құрастырылып, ауыл балаларына ойнауға берілді. Алаң толығымен дәнекерлеу жұмыстары арқылы қауіпсіздендіріліп, сырланды.

Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға келесідей жұмыстар жүргізілді:

— Ауыл ішіндегі көше жарық бағандарына 45 дана жарық көзі ауыстырлды.

— Көше жарығы жалғанған трансформатордың автоматты қосқыштары, фоторелелері ауыстырылды.

— Ауыл ортасында орналасқан балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. — Футбол алаңына жарық көзі орнатылды.

— Көктем мезгілінде ауыл сыртына жасанды суағар жасалынып, еріген қар суының ауылға кіруінің алды алынды.

— Ауыз су колонкаларына сырлау, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы 2021 жылы ауылдың даму бағдарламасына төмендегі жұмыстарды енгізіп отырмыз.

  1. Ауыл ішіндегі барлық көше жарық көздерін светодиодтық жарық көздеріне ауыстыру;
  2. Қатысу бюджеті арқылы ауыл орталғына орналасатын саябаққа қоршау жұмыстарын жасау;
  3. Борсеңгір – Теректі көтерме жолына жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаржы сұрау;
  4. Село орталығынан 6 шақырым жерде орналасқан скважина аралығындағы электр желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу.
  5. Ток трансформаторларының айырытқыштарын ауыстыру.
  6. Ардагерлер көшесіне балалар ойын алаңын салу.
  7. Ауыл ішіндегі көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы сұрау.

2020 жыл елімізге оңай жыл болмағаны баршамызға мәлім. Алайда, елдің бірлігі мен халықтың төзімділігі арқасында қиыншылықтарды артта қалдырдық. Осыған орай қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Ел бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті.