Ауылға дәріхана барды

Ұлытау аудандық орталықтандырылған аурухана жүйесінің əлеуметтік жылжымалы жəрдем көлігі аудан бойынша кент, ауылдарды аралау жұмыстарын жүргізуде.

Аталған əлеуметтік жəрдем көлігі ауданның Терісаққан мен Шеңбер ауылдарында болып, жергілікті тұрғындарды қажетті дəрі-дəрмекпен қамтамасыз етті. Нəтижесінде мамандар тұрғындарға арзан бағада қажетті дəрі-дəрмек үлестіріп, ауырған жағдайда дəрілерді дұрыс қолдану жөнінде кеңес берді.

Сондай-ақ, антибиотиктер, қызуды түсіретін, қанды сұйылтатын жəне басқа да сұранысқа ие дəрі-дəрмектер жеткілікті көлемде жеткізілді.
Алдағы уақытта, жылжымалы дəріхана жоспарға сəйкес басқа да кент, ауылдарды араламақ.

Өз тілшімізден.