Аулаларды абаттандыру — басты назарда

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласындағы бірнеше аулаларды аралап, ондағы негізгі мәселелермен танысты.
Сәтбаев көшесі 66 және 70 ші үйлердің ауласына көп жылдан бері абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Жуырда аталған көшелерге асфальт төселіп, жаңадан балалардың ойын алаңы салынатын болды. Сонымен қатар, ауланың сәнін кетіріп тұрған пайдалануға жарамсыз бірнеше гараж бен қоралар орнына заң аясында, тұрғындардың талап-тілегі бойынша автотұрақ немесе басқа қажетті нысан салуды тапсырды.