Қауіпсіздік қаперде болсын!
Бүгін, 24 шілдеде сағат 19:30 шамасында Жезқазған-Сәтбаев тас жолында төрт автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында толыққанды тергеу амалдары жүргізілуде. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдануда.