«Қауіпсіз қоғам» науқаны бастау алды
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралары күшейтіліп келеді. Қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістер зорлық-зомбылықтың алдын алу процесін бастауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы құқықтық тәртіп органдары басшыларымен кездесу барысында заңдылықты сақтауды, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар «Заңдылық және Тәртіп» қағидасы қазақстандық қоғамның идеологиялық, саяси жол сілтемесі болуы тиіс деп атап көрсетті.
20-30 қараша аралығында Ұлытау облысы аумағында жергілікті атқарушы органдармен, «AMANAT» партиясының өңірлік филиалдарымен, «Жастар Рухы» ЖҚ филиалымен, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қозғалысының, БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, волонтерлармен, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылым мүшелерімен және т.б. өзара іс-қимылда «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасының апталығы басталды.