Аудан орталығы — ажарлы реңде

Ұлытау ауылдық округі әкімі Талғат Әбжаппаровтың 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі

Ұлытау ауылдық округінің жер көлемі 318 мың 895 гектар. Аумақ үш елді мекеннен тұрады: Айыртау, Қызылүй, Талдысай. Округ аумағында 133 шаруа қожалықтары, 229 жеке кәсіпкерлер және 1 ЖШС-гі, Мәдениет үйі, «Ұлытау аудандық орталық ауруханасы» КМК, отбасылық дәрігерлік амбулатория, «№1 Ұлытау жалпы орта білім беретін мектеп базасындағы Тірек мектебі» КММ-сі, 47 аудандық мекемелер және жекеменшік дүкендер орналасқан.

Ұлытау ауылдық округі бойынша халық саны 01.01.2021 жылға 2680 адамды құрайды, 614 аула.

Есептік кезеңде 48 сәби дүниеге келсе, 12 адам қайтыс болды. Зейнеткер 251, мүмкіндігі шектеулі 116 адам тіркелген.

Ауылдық округі әкімінің аппаратына есепті кезеңде тұрғындардан жер пайдалану жөнінде 48, әр түрлі мақсаттағы өтініштер 15, барлығы 63 өтініш тіркелген.

Осы өтініштерден 47-сі қанағаттандырылған, 16-сы түсіндірілді. Электронды құжат айналым базасына барлық өтініштер енгізілді.

Есептік кезеңде 164 өкім, 12 шешім қабылданды.

Ауыл шаруашылық саласы

Ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланып отырған жер көлемі 199 мың 884 гектар. Округ бойынша бүгінгі таңда 133 шаруа қожалығы тіркелген.

Жалпы сала бойынша даму динамикасы төмендегідей:

2020 жылдың 1 қаңтарда ІҚМ 4930 басқа орындалса, 2021 жылдың 1 қаңтарына 5220 бас яғни 105,9 пайызға орындалды.

Қой-ешкі 2020 жылдың 1 қаңтарда 4989 басқа орындалса, 2021 жылдың 1 қаңтарына 5144 бас яғни 103,1 пайызға орындалды.

Жылқы 2020 жылдың 1 қаңтарда 4698 басқа орындалса, 2021 жылдың 1 қаңтарына 4116 бас яғни 87,6 пайызға орындалды.

Құс 2020 жылдың 1 қаңтарда 4671 болса, 2021 жылдың 1 қаңтарына 4694 яғни 100,5 пайызға орындалды.

Мал бордақылау алаңына ет өткізу тапсырмасына сәйкес, есептегі жылға шаруа қожалығы «Е.Жараспаев» Нұр-Сұлтан қаласына «Астана Агро ЛТД» ЖШС-не 138 бас ірі қара малын тірі салмақта өткізді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Сыбаға» мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша, 6 пайызбен төмендегі шаруа қожалықтары несие алып мал басын сатып алды:

– «Журынова Г» ШҚ 235 бас ұсақ мал, 13 млн теңгеге;

– «Суюмбаев Н» ШҚ 32 бас ірі қара мал, 12 млн теңге алды.

Егін шаруашылығы бойынша М.Молдашев ШҚ 500 га егін екті.

Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша «Гүлсім-ай» Жагипарова Г.ШҚ 23 млн 700 мыңға «Байконур Машинери» ЖШС-нен және «Махметова Н» ШҚ КазАгроФинанстан 14 млн несие алып жүктиегіш техникаларын алды.

Ауыл шаруашылығы Министрлігінің тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бағытындағы ауылдық округі бойынша электронды карта бағдарламасына 189699 га жер телімін енгізу жоспарланса, есептік кезеңде 160312 га өткізілді, яғни 80,2% орындалды. 19 шаруа қожалығы, яғни 28871 га жер телімі рәсімделу себептеріне байланысты «Қолдау kz» бағдарламасына енгізілмеді.

Елді мекендердегі қыстақтарға жеңілдікпен күн сәулесі арқылы ток қуатын беру панельдері, энергия қондырғыларын орнатуға шаруа қожалықтарының сұраулары бойынша 27 шаруа қожалығы 55 қондырғы орнатты.

Қысқы мал азығын дайындауда жоспар бойынша 18429 тн шөп жиналды.

Ветеринария саласы

«Ұлытау ауданының кент, ауылдық округтері бойынша 2020 жылга арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы республикалық нысаналы ағымдағы трансферттен бөлінген қаржы есебінен жүргізілетін ветеринариялық – профилактикалық шаралары»жоспарын басшылыққа ала отырып, округ бойынша малдарды егіп-емдеу және қан алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.

Сібір жарасына қарсы егу ірі қара – 5000 бас,ұсақ мал-7200 бас, жылқы-2300 бас. Қарасанға қарсы егу ірі қара-5000 бас, листериозға қарсы егу ірі қара – 1 500 бас, қой, ешкі- 2000 бас.

Бруцеллезге анықтау үшін қан сынамасын алу бойынша ірі қара –8100 бас, ұсақ малдар-13500 бас серологиялық зерттеуден өткізілді .

Туберкулезге аллергиялық зерттеу ірі қара – 3 000 бас.

Сырғаланған малдар ірі қара төлі — 900 бас, ұсақ мал-1500 бас. Сырғаның түсіп қалуына байланысты 18 бас ірі қара, 33 бас ұсақ мал қайта сырғаланды.

Жыл көлемінде 25 мал иелерінен 34 бас ірі қара малы бруцеллез екені анықталды, сол себепті осы 34 бас ірі қара малдар ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай сойылды.Мал сою барысында ветеринариялық санитарлық талаптары толықтай сақталды. Алынған ет өнімдері мал иелерінің өз қажетіне жұмсалды. Осы жұқпалы ауру анықталған малдар тұрған 25 мал иесінің мал қоралары мен аулаларына дезинфекция жұмыстары жасалынды.Жыл көлемінде жергілікті тұратын мал иелерінің өтініштері бойынша 184ЕАСУ web-порталы арқылы ветеринариялық анықтама Нысан №1берілді, сондай-ақ 105 малдардың егіп емделгені туралы анықтамалар, ал 351 АШЖБ дерек қорынан малдары туралы ақпарат алып берілді.Эхинококкоз ауруына ( дегельментация) қарсы 40 итке дәрі берілді.Қаңғыбас ит, мысықтарды жою бойынша улау әдісімен 78 ит, 8 мысық жойылды және олар мал қорымында жойылды.

Кәсіпкерлік саласы

Ұлытау селосында жұмыс істеп тұрған 61 шағын кәсіпкерліктің субъектілері бар. Оның ішінде: азық-түлік дүкендері-25, өндірістік дүкендер-6, тойхана-3, асхана-4, монша-6, автокөлік жөндеу шеберханасы-4, шаштараз-3, тырнақ әрлеу студиясы-3,ветеринарлық дәріхана-2, тігін шеберханасы-3, кондитерлік цех-2.

Биылғы жылы ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған аудан әкімінің гранты тағайындалып, оны 18 бен 29 жас аралығындағы 24 азамат(ша)жеңіп алып, қазіргі уақытта 2 азық-түлік дүкені, 2 ветеринариялық дәріхана, 1 әлеуметтік павильон, 2 тігін шеберханасы, 1 сұлулық салоны, 2 шаштараз,1 кондитерлік цех ашылып, кәсіптерімен айналысуда.

Халықтың әл ауқатын жақсарту, жұмыссыздықтың деңгейін төмендету бағытында, «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы«Бастау Бизнес» жобасы бойынша «Еңбек» бағдарламасымен ауылымыздың экономикасын, мал шаруашылығын дамыту мақсатында 29 адам 16 млн 112 мың теңгені жеңіп алып, грант иегері атанды.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несие алуға қолдау көрсетілді, ұсыныстар берілді.

«Нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021, «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 18 село тұрғыны 130 млн теңге несие алып, жұмыс атқаруда.

Оның ішінде: «Ауыл шаруашылығын дамыту» бағдарламасымен 17 адам 105 млн теңге несие алса, 2 адам «Сыбаға» бағдарламасымен 25 млн. теңге несие алды.

«Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 15 наурыздағы №285 Жарлығына байланысты ҚР Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері ҚР төтенше жағдай кезінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрыққа сәйкес 9 азық-түлікке қойылған тұрақты баға бойынша Ұлытау селосында орналасқан барлық азық-түлік дүкендеріне мамандар түсіндірме жұмыстары мен бақылауды жүргізіп тұрды.

Сондай-ақ, Ұлытау ауылдық округі бойынша төтенше жағдай кезіндегі коронавирус пандемиясының таралуының алдын алу мақсатында адамдар көп шоғырланатын дезинфекциялауға жататын мекемелермен жұмыстар жүргізді.

Санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша

Аудан әкімінің 2020 жылғы 27 наурыз күні №12ө өкімімен Ұлытау ауданы бойынша көктемгі екі айлық санитарлық тазалау және көгалдандыру бекітілген өкім бойынша Ұлытау ауылдық округі әкімдігі тарапынан іс-шара жоспары жасалып, село орталығындағы барлық мекемелердің тазалайтын аумақтары бекітіліп екі айлық барысында облыстық, аудандық сенбіліктер өткізіліп, мекемелерден 1850 адам тазалау жұмыстарын жүргізді.«Қатты тұрмыстық қалдықтар» полигонына 255 тонна қоқыс шығарылды. Әр аптаның бейсенбі күндері село бойынша «Таза бейсенбі» тазалық күндері өткізіліп отырылды. Жалпы ауылдық округ бойынша 454 га аумаққа тазалық жұмыстары жүргізілді. Карантиндік шектеулер жариалануына байланысты мекемелерден сенбіліктерге қатысу шектеліп, мекемелер өз ғимараттырына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Көктемгі санитарлық тазалау жұмыстары бойынша ауыл ішінің тазалық жұмыстарына ЖК-лер О.Бимағанбетов, С.Байғабұлов жекеменшік техникаларымен тұрғындардың қыстан шыққан мал қилары мен қоқыстарын тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл тазалық жұмыстарына 3 КамАЗ автокөлігі, 2 жүк тиегіш Элка тракторы қатысты. Тазалық бойынша ауыл ішінің барлық үйлерінің жан-жақтары тазаланып барлығы 6750 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. ЖК Р.Молдыбаев өзінің жекеменшік Газ-53(АС) көлігімен 12 жекеменшік үйлердің жертөрелін тазартты. Жалпы село орталығындағы тазалық жұмыстарына ауылдық округ әкімдігі тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізіліп, бақылауда ұсталып отырылды. Ауылды көгалдандыру бойынша С.Асатов алаңына «Бүкіл қазақстандық тал отырғызу күніне» орай ұрпақтары 75 сары қарағай көшеттерін отырғызды. Орталық көшелерге 3-3.5 метрлік 108 сары қарағай көшеттері отырғызылып, 8 метрлік жасыл шырша егілді.

Қорғаныс саласы

2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы заңына сәйкес 1993-2002 жылдар аралығында ҚР Қарулы Күштер қатарына әскери қызметке шақыруды өткізу туралы іс-шараларына және кезекті мерзімді әскери қызметке медициналық сараптамадан өтуге Ұлытау ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2020 жылы кезекті мерзімге әскери шақырушылар саны 24 азамат, әскери борышын өтеуге 8 азамат жіберілді.

Қоғамдық тәртіп

2020 жылы қоғамдық орындарда жасалған және тіркелген қылмыстар саны — 1. Бұрын сотты болған тұлғалармен жасалған қылмыс саны-1. Масаң күйде, жасөспірімдермен жасалған, отбасы тұрмыстық-қатынастар саласында және топпен жасалған қылмыстар тіркелген жоқ. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция желісі бойынша: бүгінгі күнге Ұлытау ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің есебінде «жайсыз отбасы» санаты бойынша 2 тұлға есепте тұрады.

Көшелерде, қоғамдық орындарда жалпы ауданның жедел ахуалын бірқалыпты ұстау мақсатында Ұлытау ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абаттандыру», «Тұрмыс» т.б. жедел алдын алу іс шарасы, бұдан әрі (ЖААІШ) бірнеше рет өткізілді. Анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК 216 хаттама толтырылды.

Экономика және қаржы саласы

Жергілікті өзін-өзі басқару шотына түсетін 5 салық түрлерінен: төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс, мүлік, жер, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың көлік салықтарынан түсетін түсім 2020 жылға 6 млн 558 мың теңгеге жоспарланған. Есепті кезеңде 7 млн 720 мың теңге салық түсті, орындалысы 118 пайызды құрады.

«Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы 345 151 000 теңге оның ішінде Ұлытау селосын абаттандыру жұмыстарына бөлінген қаржы 230 000 000 теңге, Ұлытау селосындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы 115 151 000 теңге.

Ұлытау селосы Абай және Бұлқышев көшелеріндегі бордюр және тротуарларды ауыстыру жұмыстарын ЖК Мукашев Коблан Тортаевич атқарды. Бөлінген қаржы –17 000 000 теңге.. Мердігермен №49 16.05.2020 жылы келісім шартқа отырған қаржы — 16 104 335 теңге 52 тиын. Жұмыс істеген адамдар саны барлығы – 4 адам, оның ішінде жұмыспен қамту арқылы — 2 адам. Жұмыскерлерге төленген қаржы – 510 000 теңге. Қаржы толығымен игерілді.

Ұлытау селосы Абай және Асатов көшелеріндегі шарбақтарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын ЖК «Құрылыс» Молдашов Е атқарды. Бөлінген қаржы –80 000 000 теңге. Мердігермен №37 01.05.2020 жылы келісім-шартқа отырған қаржы — 59 999 999 теңге 36 тиын. Жұмыс істеген адамдар саны барлығы – 20 адам, оның ішінде жұмыспен қамту арқылы — 10 адам. Жұмыскерлерге төленген қаржы – 588 000 теңге. Қаржы толығымен игерілді.

Ұлытау селосындағы Мұражай аумағын абаттандыру жұмыстарын ЖК Мукашев Коблан Тортаевич атқарды. Бөлінген қаржы – 30 000 000 теңге. Мердігермен №40 06.05.2020 жылы келісім-шартқа отырған қаржы — 25 760 000 теңге. Жұмыс істеген адамдар саны барлығы – 8 адам, оның ішінде жұмыспен қамту арқылы — 4 адам. Жұмыскерлерге төленген қаржы – 1 020 000 теңге. Қаржы толығымен игерілді.

Ұлытау селосындағы Хан алаңы аумағын абаттандыру жұмыстарын ЖК Мукашев Коблан Тортаевич атқарды. Бөлінген қаржы – 18 000 000 теңге. Мердігермен №39 06.05.2020 жылы келісім-шартқа отырған қаржы – 14 336 000 теңге. Жұмыс істеген адамдар саны барлығы – 4 адам, оның ішінде жұмыспен қамту арқылы — 2 адам. Жұмыскерлерге төленген қаржы – 510 000 теңге. Қаржы толығымен игерілді.

Ұлытау селосы Асатов көшесіндегі саябақты абаттандыру жұмыстарын «EVER» ЖШС атқарды. Бөлінген қаржы – 70 000 000 теңге. Мердігермен №48 06.05.2020 жылы келісім шартқа отырған қаржы – 69 848 822 теңге 40 тиын. Жұмыс істеген адамдар саны барлығы – 9 адам, оның ішінде жұмыспен қамту арқылы — 9 адам. Жұмыскерлерге төленген қаржы – 1 190 000 теңге. Қаржы толығымен игерілді.

Ұлытау селосы Визит Центр – Асатов, Асатов — Сәтбаев, Бұлқышев-АЗС- Абай, Абай – Асатов көшелерінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын «АлмасҚұрылыс Kazakhstan» ЖШС атқарды. Бөлінген қаржы – 115 151 000 теңге. Мердігермен №47 06.05.2020 жылы келісім-шартқа отырған қаржы – 109 814 213 теңге 60 тиын. Жұмыс істеген адамдар саны барлығы – 15 адам, оның ішінде жұмыспен қамту арқылы — 14 адам. Жұмыскерлерге төленген қаржы – 1 100 000 теңге.Қаржы толығымен игерілді. Үнемделген қаржысы – 27 087 841 теңге 71 тиыны бюджетке қайтарылды.

Бұның сыртында жергілікті бюджет қаражатына көшелерді жарықтандыру, абаттандыру мен көгалдандыру, санитариясын қамтамасыз ету, сумен жабдықтауды ұйымдастырылып, автомобиль жолдары жөнделіп, асфальттанды.Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізілді.