Аудан әкімінде – жаңа орынбасар

Облыс әкімі аппаратының келісіміне сәйкес, Ұлытау ауданы әкімінің өкімімен Алмас Қайырбекұлы ҚАЙЫРБЕК аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелерін үйлестіретін болады. Жаңа орынбасарды аудан әкімінің аппаратына аудан басшысы Советбек МЕДЕБАВ таныстырып, жемісті еңбек тіледі. Аталған рәсімге аудандық мәслихаттың хатшысы Аманжол МЫРЗАБЕКОВ қатысты.

Алмас Қайырбекұлы 2010 жылы Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында режиссура мамандығын меңгеріп шыққан, 2012 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбекжолын 2011 жылы «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде режиссерлік қызметтен бастаған.

2014-2016 жылдары – Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімінде бас маман.

2016-2017 жылдары – Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, Ұлытау ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды дамыту, қаржы және шаруашылық бөлімінің басшысы.

2017-2018 жылдары – Терісаққан ауылдық округінің әкімі.

2018 жылдың қазан айынан бастап, тағайындалғанға дейін Ұлытау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы қызметін атқарған.