Аудан әкімі мен мәслихат төрағасының құттықтауы

Құрметті қыз-келіншектер!
Қымбатты Аналар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халықаралық әйелдер күні – барлық адамзатқа тамаша көңіл-күй, жақсылық пен жаңару үмітін сыйлайтын өміршең мерекелердің бірі.
Әйел-Ана – өмірдің өзі, бақ пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Бүгінде алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі – біздің басты байлығымызға айналып отыр. Бойымыздағы ізгілік пен құт-береке атаулы сол ананың жүрегінен бастау алады.
Қазіргі кезде қоғамның кез-келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Сіздер адал жар, қамқор ана ғана емес, сонымен бірге білікті басшы, іскер маман, жақсы ұйымдастырушы болып заман талабына сай қызмет атқарып келесіздер. Біздің ауданда да отбасының ұйтқысы, шаңырағының шаттығы болуымен қатар, қызметтік тәжірибесінің зор екендігін де дәлелдеп жүрген қыз-келіншектер баршылық.
Сіздер әрқашан өздеріңіздің ішкі жан-дүниелеріңіздің сұлулығы мен өмірлік энергияларыңызбен, мән-мағына, жайлылық пен үйлесімділік сыйлайсыздар.
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, әрқайсыңызға көктемгі көңіл-күй, қуаныш, отбасылық бақыт пен махаббат, арман мұраттарыңыздың орындалуын тілейміз.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.