Аудан әкімі дауыс берді

Көпшіліктің көптен күткен, үміткерлердің ел алдындағы сенімі сыналар кезектен тыс Президент сайлауына дауыс беру басталды. Осыған орай, Ұлытау ауданының тұрғындары да таң бозымен таласа өздерінің жергілікті сайлау учаскілеріне дауыс беруге асықты.
Көпшілікпен бірге, аудандық мәдениет үйінің ішінде орналасқан №723 сайлау учаскесіне аудан әкімі Мырзабеков Аманжол Батырбекұлы да арнайы тіркеу рәсімінен өтіп, өз дауысын берді.
«Өз таңдауларыңызды жасаңыздар. Сіздердің бүгінгі шешімдеріңіз ел болашағын қалыптастыруда өте маңызды», — деп өз бюллетенін сайлау жәшігіне салды аудан басшысы.