Аудан басшысы тұрғын үй нысандарын аралады

Бүгін аудан әкімі Советбек Медебаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама аясында аудан орталығында салынып жатқан нысандарды аралады.
Аудан басшысы алдымен Ұлытау селосы Тайжан көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің жағдайларын тексеріп, құрылыстың сапалы етіліп жасалуын ескертіп, бірқатар тапсырмасын берді. Оның 16 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілген. Қалған 8 пәтерлі 2 тұрғын үй алдағы уақытта беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Советбек Тұрсынұлы Жамбыл көшесіндегі 2021 жылы пайдалануға берілген көп қабатты тұрғын үйде де болды.
Нысандарды аралау барысында аудан басшысымен бірге орынбасары, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы және маманы болды.