«Асыл әже» ансамбліне – 10 жыл

Өткен аптада Қарсақбай кентіндегі Мəдениет үйінде осы рухани ортаның жанынан құрылғын «Асыл əжем» əжелер ансамблі өздерінің 10 жылдық мерейтойларына арналған шығармашылық кешін өткізді.

«Арнаймын саған, туған ел!» деген тақырыппен өткен есеп беру кешіне Қарсақбай кенті əкімі Асылхан Əлімсейіт, Ұлытау аудандық Мəдениет үйінің директоры Гүлжан Көпеева, Қарсақбай кенті металлургия зауыты кəсіподақ ұйымының төрағасы Зейілбек Қаратеміров, №58 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ержан Есетов қатысып, əжелерді мерейтоймен құттықтап, сый-сияпаттарын жасады.

Орайы келгенде айта кетейік, «Асыл əжем» əжелер ансамблі 2012 жылы Мəдениет үйінің жанынан құрылған болатын. Алғашқыда небəрі 10 əже болса, қазір олардың қатары 17 əжеге жетті. Əжелеріміздің үлкені 82 жаста, ал ең кіші əжеміз 52 жаста. Əжелер кент ішіндегі, аудандық, аймақтық, облыстық іс-шараларға қатысып, өз өнерлерін паш етіп келеді.

Шығармашылық есеп беру кешінде «асыл əжем» əжелер ансамблі халық əндері мен халық композиторлардың əндерін тамылжыта шырқап, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.

Айткүл ИБРАЕВА,

 «Асыл əжем» əжелер ансамблінің жетекшісі.