Астықтың да «ауруы» бар

Астық дақылдарының тат және септориоз аурулары аса зиянды. Бұдан келетін шығындар да орасан зор. Септориоз ауруының белгілері әртүрлі формадағы және әртүрлі мөлшердегі тозаңды-сұр, сұрқоңыр, күңгірт қоңыр және хлорланған дақтар түрінде байқалады. Аурудың дамуына салқын, ылғалды ауа райы ықпал етеді.

Дәнді дақылдардағы жапырақ пен масақтың септориозы.

Қоздырғышы: Septoria nodorum және Septoria tritici.

Бидай, арпа, қарабидай, қара сұлы және дәнді шөптерде кездеседі. Бидайға зақымдылығы жоғары.

Аурудың белгілері: қоздырғыш өсіп-өну кезеңінде көбінесе жапырақты зақымдайды, түтікке шығу-гүлдену фазаларында ең қарқынды көрінеді. Септориоздың алғашқы белгілері күз мезгілінен бастап төменгі жапырақтарда ұсақ сұр-жасыл дақтар түрінде көрініп тез ұлғаяды. Бірте-бірте дақтар сарғыш-қоңыр түске айналады, некрозға төгіледі, сосын күйік құра отырып жапырақтары өледі. Тән белгілері: Дақтардың ортасында көзге жақсы көрінетін көптеген ұсақ шар тәріздес қара қоңыр саңырауқұлақтар пикниді пайда болады. Күз кезінде пикнидтер жерде жайылып түсіп қалған жапырақтарда қалыптасады. Жапырақ қынабы зақымданған жағдайда онда ұзынша тартылған дақтар пайда болады, олар көп ұзамай қоңыр түске айналады. Дақтар жиі ұлғайып, айтарлықтай барлық жапырақ қынабын қамтиды.

Жұқтыру көзі: саңырауқұлақ топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарында сақталады. Күз мезгілінде өсімдік қалдықтарынан зақымданған пикноспорлар (жаңбырмен) және акноспорлар (желмен) жаңа егістерге тарайды. Өсіп-өну кезеңінде негізінен аурулар пикнидтерді түзетін пикноспорлармен тарайды. Жауын-шашын ұзақ және көп жауған кезінде ауаның жоғарғы ылғалдылығының әсері егістіктің жаппай зақымдануына ықпал етеді.

Зияндылығы: ауру кеңінен тараған және зиянды. Жапырақтардың жоғары жақ ассимиляциясының төмендеу салдарынан масақтың дамуы тежеліп, 1000 дәннің салмағы төмендейді. Аурулар қалыпты даму кезінде өнім шығыны 10- 15%, эпифитотий кезінде 30- 50% құрауы мүмкін.

Есепке алу әдістемесі: зерттеуді бидайдың өсіп-өну кезеңінде 1000 өсімдікті қарай отырып жүргізеді. Диагональ бойынша егістік алқаптағы 10 нүктеден бірдей ара қашықтықта 10-20 үлгіден алып, зақымданған жапырақтарды санайды. Оңтайлы бүрку мерзімі – зақымдаған жапырақтар 5% жеткенде.

Күресу шаралары: астықты жинағаннан кейін топырақты сыдыра жыртып, артынан сүдігер жырту, септориоз қоздырғыштары бар дақылдарды көрші алқаптарға екпеу, дәнді оңтайлы мерзімде себу. Аурудың барынша таралуы бидайды ерте себу кезеңінде байқалады. Өсіп-өну кезеңінде бүркуге қолданылатын препараттар: (ҚР аймағында қолданылуға рұқсат етілген тізімге сәйкес).

Дәнді дақылдардың тат ауруы: біздің аймақта әсіресе қоңыр және сызықты (сабақты) тат аурулары кеңінен тараған.

Қоздырғышы: екіүйлі саңырауқұлақ Puccinia recondita, P. Triticina.

Өте қауіпті және жиі кездесетін ауру болып табылады. Бидай, қарабидай, жабайы астық тұқымдастарды (арпабас) зақымдайды.

Қоңыр тат ауруы: саңырауқұлақ түрлерімен пайда болады. Бидайда басты болып саңырауқұлақ тарайды. Тат ауруының белсенді таралуы кезінде саңырауқұлақтар өсімдік-иесін өзгерте алады. Олардың бірі Маралоты (василистник) болып табылады.

Қоңыр тат ауруының шығу белгісі: жапырақтардың жоғарғы бетіндегі сары-қоңыр түсті нүктелердің немесе споралардың пайда болуы болып табылады. Кей кезде ауру белгілерін жапырақ қынабында және сабақтардан көруге болады. Көбінесе олар түптену фазасында байқалады. Жіпшумақтар (мицелий) жағдайына қарай шашылған дәндерде немесе дәнді шөптерде қыстап шығады. Споралардың таралуына тиімді температура -15- 20°С, өсімдіктің зақымдалуын қамтамасыз ете отырып желмен таралады Күз, қыс және ерте көктемде пайда болған споралар аурудың таралуы мен көбеюіне қатты белсенділік танытпайды.

Есепке алу әдістемесі: аурудың алғашқы белгілерін білу үшін егістерге әрдайым зерттеулер жүргізу керек. Зерттеу кезінде 1000 сабақты (жапырақтар) қаралады. Диагональ бойынша егістік алқаптағы 10 нүктеден бірдей арақашықтықта 10-20 үлгіден алып, зақымданған жапырақтарды санайды.

Сызықты (сабақты) тат аурулары: масақтанудан кейін пайда болып сабақты, жапырақты, қабыршақты, қылқандарын (ости) зақымдайды. Зақымдалған жерлерінде 1 смге дейін ықтимал аралас сызықтармен үлкен қызыл түсті уредопустулдар пайда болады. Мерзімінен бұрын астық сабақтарының кебуі мен дәннің толысуына әкеп соғады. (солғын, салмақсыз болады).

Есепке алу әдістемесі: сызықты тат ауруын сабақ пен жапырақ қынабын қарау арқылы санайды. 100 га егіс алқаптарынан 20 үлгіден әрқайсысынан 10 өсімдіктен алады. Одан үлкен алқаптарда қосымша ретінде 100 өсімдіктен үлгі алады. Өсімдікті түп тамырынан қарайды.

Аурулардың дамуына әсер ететін факторлар: ауруға төзімді сорттарды өсіру, өткен жылда татпен зақымдалғанда, жазғы уақытта шашылған дәндерде споралардың жақсы сақталуы, қыс және жаз мезгілдері де ауа райының қолайлылығы, жылы және ылғалды көктем.

Оңтайлы бүрку мерзімі – зақымдаған жапырақтар 1% жеткенде.

Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын, дәнді арамшөптер және ауылшаруашылық дақылдарының қалдықтарын жою, оңтайлы себу мерзімі, төзімді сорттар дайындау, себу кезінде фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар енгізу, аурудың жаппай таралуы болжанған кезде, зақымданудың бірінші белгілері байқалғанда фунгицидтермен өңдеу. Өсіп-өну кезеңінде келесі препараттарды қолдануға болады (ҚР аймағында қолданылуға рұқсат етілген тізімге сәйкес).

Жомарт АСАНӘЛІ,
ҚР АШМ АӨК МИК
Ұлытау аудандық аумақтық
инспекциясының
бас маман, өсімдіктерді
қорғау жөніндегі мемлекеттік
инспекторы.