Астанаға Ауғанстаннан бизнес-делегация келді

210 адамнан тұратын делегацияны әуежайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күтіп алды. 

2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтеді.

3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды.

4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ауған тауарларының көрмесі ашылады. Көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауарлар ұсынылады.