АШМ: Сиыр еті бұдан әрі қымбаттамайды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, елде мал басы жеткілікті, сондықтан сиыр етінің бағасы өспейді.
Бағаны негізсіз көтергендерге айыппұл салынады. Үстемақы 15%-дан асса, 5-тен 150 АЕК-ке дейін. Бір жыл ішінде қайталанса – 10-нан 300 АЕК-ке дейін.
Министр еттің қымбаттауына жем-шөп пен жанармай құны әсер етіп отырғанын айтты.