Аса қауіпті зиянкес – итальяндық прус

Аса қауіпті зиянды организмдерге жататын шегірткелердің бірі — итальяндық прус. Қазақстанда өте кең таралған. Көбінесе дала, құмды дала және шөл өңірлерінің жусан мен астық тұқымдас өсімдіктер аралас өсетін учаскелерін мекендейді. Ұрғашыларының ұзындығы 24,5-40 мм, еркектері 14,5-23 мм болады. Итальяндық прустың личинкалары мамыр айының екінші жартысында шығып, дамуы 40-45 күнге созылады. Осы мерзім ішінде личинкалар 5 рет түлейді. Ересек шегірткелер толық қанағаттанғаннан кейін 10 -15 күн өткен соң жұмыртқалай бастайды. Олар күбіршелерін өсімдігі селдір, топырағы тығыз тапталған учаскелерге, сонымен қатар құмдауыт, тіпті сусыма құмды жерлерге де салады. Күбіршелерінің пішіні доғаша иілген цилиндр тәрізді, ұзындығы 41 мм жетеді. Әрбір күбіршеде 4 қатарға орналасқан 30 – 40 жұмыртқа салады.

Ұлытау ауданы тұрғындарының назарына!

Ұлытау ауданы әкімінің 09 сәуір 2021 жылғы №15ө Өкіміне сәйкес «Аса қауіпті зиянды және карантиндік обьектілерге қарсы күрес шараларына бақылау жасайтын шұғыл әрекетті штаб» құрылғандығын хабарлаймын.

Сіздерден аса қауіпті зиянды организм итальяндық прус шегірткесі зиянкестерін байқаған уақытта «Аса қауіпті зиянды және карантиндік обьектілерге қарсы күрес шараларына бақылау жасайтын шұғыл әрекетті штабқа» 8 (71035) 21444, 87059657782, 8 (71035) 21271, 87052280209, 87086329647, 87056298989 байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Биылғы жылы аса қауіпті және қауіпті зиянкестерге қарсы барлығы 1600 гектар жерге төмендегі техника түрлері бойынша химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу болжанып отыр.

2 ақпан 2021 жылғы №35 санды көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде жер үсті техникасы арқылы қызмет көрсетуші ЖК «Бағжан».

Жомарт АСАНӘЛІ,

ҚР АШМ АӨК МИК

Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясының бас маман 

 өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.