Қолданыста – жаңа көпір

Ұлытау ауданының орталығына жақын орналасқан Қызыл үй елді мекенінің іргесінен өтетін өзен бойында көпірдің болмауы салдарынан жергілікті тұрғындар айтарлықтай қиындық көретін еді. Жуырда түйткілді мәселенің түйіні тарқап, оның ашылу рәсіміне аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ қатысты.

Аудан басшысы жұртшылықты игілігі мол істің мерзімінде тиянақталуымен ақжарыла құттықтады. Құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілгеніне ризашылығын білдірді.

Бұдан кейін ауыл ақсақалдары Есенғали Әбжамалов пен Ыбырахым Байболов халықтың қуанышын бөлісіп, көпірдің лентасын қиды.

Өздерін көптен мазалаған жайттың оң шешімін тапқанына елді мекен тұрғындары дән риза.

 

Өз тілшімізден.