Қарышты дамуға нық қадам

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жылдың барысында ауқымды өзгерістерді іске асырып келеді. Олардың барлығы қоғамда жинақталған түйткілді проблемаларды, азаматтардың көтеріп жүр ген өзекті мəселелерін шешуге, халықтың мүддесін қорғауды нығайтуға, əділеттілік принциптерінің мызғымастығын қамтамасыз етуге жəне отандастарымыздың өмір сапа сын жақсартуға бағытталған. Бұл процестер Мемлекет басшысы өзі бастама көтеріп ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемле кет» принципінің жан-жақты орындалып келе жатқандығының айқын көрінісі деп білемін.

Халыққа арналған қыркүйек айындағы Жолдауда еліміздің модернизациясы өзінің жалғасын тапты. Президенттік мерзімді екі мерзімнен бір мерзімге қысқартып, жеті жылдық көлемде бекіту ұсынылды. Бұл мем лекетіміздегі саяси əралуандықтың нығаюы мен демократия принциптерінің кеңеюі деп есептеймін.

Осымен бірге Қазақстан тарихында ал ғаш рет сайлаудың алдын ала жариялану фактісінің куəгері болдық. Президент бір ай бұрын сайлау процестерінің басталуын жа рия етті. Аталмыш ұсыныстың елдегі саяси ұйымдардың жұмысын жоспарлы ұйымдас тыруға негіз болатынын отандық сарапшы лармен қатар, шетелдік саясаткерлер мен кəсіби мамандар да атап өтті.

Қазір əлемдегі геосаяси ахуал аса күр делі, біздің өңіріміздегі жағдай да алаңдау шылық тудырады. Осы мақсатта Қазақстан ішіндегі тұрақтылықты нығайту стратегиялық маңызға ие.

Еліміздегі саяси жүйе толығымен жаңғы руы қажет. Осы мақсатта кезектен тыс Пре зидент сайлауы 20 қарашаға белгіленіп, Мəжіліс пен барлық деңгейдегі мəслихаттар сайлаулары келесі жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарлануда.

Қазақстан қоғамы ішкі процестерін беріктендіріп, алдағы дамудың нық алғы шарттарын қалыптастыруда.

Шортан ҚАБИЕВ,

№3 Аманкелді орта мектебінің мұғалімі.