Арнайы шығарылым таратылды
Аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВТЫҢ тапсырмасымен аудандық «Ұлытау» газетінің халықты екпе алуға үндеу мақс а т ы н д а ғ ы арнайы шығарылымы екінші мәрте жарық көрді. «Ерекше» нөмірді редакция қызметкерлері тұрғындарға көшелерді аралап жүріп, тегін таратты.
Арнайы шығарылым газетті үйлеріне жаздырып алатын аудан тұрғындары мен басылымның Жезқазған, Сәтбаев қалаларында тұратын оқырмандарына қалыптасқан реттілікке сәйкес жеткізіледі. Бұдан тысқары, жергілікті журналистер бастап берген ізгі ниетті акцияны ерікті жастар аудан орталығында, кенттер мен ауылдарда жалғастыратын болады.
Өз тілшімізден.