АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР, АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІН немесе АРХИВТІК ҮЗІНДІЛЕР БЕРУ қалай жүзеге асады? 

«Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Электрондық үкіметтің» веб-порталында азаматтардың электрондық өтініштері үшін арнайы бөлім бар екенін хабарлайды. Жаңа электрондық қызмет интернет бойынша онлайн режимінде тəулігіне 24 сағат жəне аптасына 7 күн, үйден шықпай жəне жылдам архивтік анықтаманы алуға мүмкіндік береді. Веб-порталда жұмысты бастау үшін тіркеу процедурасынан өту қажет.

Заңды немесе жеке тұлғаларда электрондық цифрлық қолтаңба болғанда жəне веб-порталында тіркелген жайғдайда осы қызмет рұқсат. Көрсетілген қызметті алушы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» қызметті алу кезінде белгіленген нысанда өтінішті толтырады, қажетті құжаттарды қоса тіркейді, электрондық қолтаңбамен растайды. Өтініш тіркелген күнінен бастап 11 (он бір) жұмыс күн ішінде өтініште көрсетілген электрондық поштаға көрсетілген қызметті алушыға архивтік анықтаманың скан-болжамасын жолдайды. Егер көрсетілген қызметті алушыға архивтік анықтаманы беруден бас тартса, веб порталдағы оның жеке кабинетіне бас тартудың себебін түсіндіру ескертпесі жіберіледі.

«Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері туралы

Архивтік анықтама — мемлекеттік архивтің заңды күші бар жəне оның негізінде жасалған құжаттардың іздеу деректері көрсетілген сұрау мəні туралы құжаттық ақпараты бар ресми құжат.
Архивтік үзінді — Архив хат бланкісінде жасалған, белгілі бір фактіге, оқиғаға, тұлғаға қатысты, архивтік шифрі мен сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжат мəтінінің бір бөлігін сөзбе-сөз жаңғыртатын құжат.
Архивтік көшірме — архивтік шифрі мен сақтау бірлігінің парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттың мəтінін сөзбе-сөз жаңғыртатын көшірме.
«Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» көрсетілетін қызметті алушыларға əлеуметтік-құқықтық сипаттағы мəселелер бойынша архивтік құжаттар негізінде тегін көрсетіледі: еңбек өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасы құрамын, білімін, марапаттауды, зейнетақы жарналары мен əлеуметтік аударымдарды аударуды, ғылыми дəрежелер мен атақтар беруді, жазатайым оқиғаны, емделуде болуын немесе көшіруді, қуғын-сүргіндерді қолдануды, жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын оңалтуды, экологиялық апат аймақтарында тұруды, бас бостандығынан айыру орындарында болуды, азаматтық хал актілері туралы мəліметтерді, жəне (немесе) куəландырылған көшірмелері немесе мұрағаттық құжаттардан мұрағаттық үзінділер.

Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн архивтер

Мемлекеттiк қызметтi облыстық, қалалық жəне аудандық мемлекеттiк архивтер (көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi. Мемлекеттiк қызмет «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жəне egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi

Құжаттар Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сəттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттiк қызметтiң нəтижесi 11 (он бір) жұмыс күні iшiнде берiледi.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғаннан кейiн архив мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн iшiнде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушы хабарландырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар:

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнгенде:
• жеке басын куəландыратын құжат (жеке басын сəйкестендіру үшін ұсынылады) жəне өкілеттігін растайтын құжат — заңды тұлға үшін не нотариалды куəландырылған сенімхат — жеке тұлға үшін (уəкілетті өкілі жүгінген кезде);
• «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушы үшiн растауды қажет ететiн мəлiметтердi, ЖСН, пошталық мекенжайын, байланыс телефонын көрсете отырып толтырылған өтiнiш.

2) egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталына жүгiнгенде:
• көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық-цифрлық қолымен (ЭЦҚ) немесе бір реттік паролімен куəландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Қажет болған жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi сапалы көрсету үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшке сұратылып жатқан архивтік анықтамаға байланысты тиiстi құжаттар мен материалдардың көшiрмелерiн қосып бередi.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нəтижесi — архивтік анықтама немесе архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді не сұратылған мəліметтер архивінде сақтауда мəліметтердің жоқтығы туралы жауап немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап.

Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві.