«АРХИВ және БОЛАШАҚ ҰРПАҚ» атты ашық есік күні өтті

Жуырда Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама жəне кітап ісі комитетінің бастамасымен «Архив жəне болашақ ұрпақ» жобасы аясында ауыл тұрғындарына жəне мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Шараның мақсаты – Архив қорларындағы дереккөздерді пайдалана отырып, Қазақстан тарихына, қоғамның ұлттық мəдениетіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жастарды жұмылдырып, қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезім мен адамгершілік сананы бойларына сіңіру жəне өскелең ұрпаққа кеңінен тарату болып табылады.
Шараға №1 Ұлытау тірек мектебінің 5-11 сынып оқушылары, мұғалімдер, ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында оқушыларға Ұлттық архив қорын құнды құжаттармен толықтырып отырған аудандық архив мекемесінің тарихы, маңыздылығымен қоғамдағы рөлі, тыныс-тіршілігі туралы мəліметтер беріліп, архив құжаттарынан жасақталған Тəуелсіздік кезеңін насихаттау бойынша шолу «Тəуелсіздік – талбесігім» атты көрме жəне соғыс кезеіңіндегі архивтік құжаттар «Майдан хаттары» атты көрме, ауданымыздың «Құрметті азаматтары» өмірі мен қызметі туралы деректері бойынша шолу жəне тақырыптық фотоқұжаттық экскурсия жүргізілді.

Қарлығаш ІЗТІЛЕУОВА,
Ұлытау ауданының мемлекеттік архивінің архивисі.