Ардагерлер марапатталды

Ұлытау ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, еңбегімен ерекшеленген тұлғаларды марапаттау рәсімі өткізілді.

Соның аясында аудандық «Ұлытау» газетінің бөлім меңгерушісі Рахымжан Молдыбаев ҚР Ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен, Жезді кентіндегі «Жезбұлақ» кәсіпорынының механизаторы Тұраш ҚОЖАБАЕВ Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты аудан әкімінің орынбасары Бағдат Байжантаев пен Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері Ұлытау аудандық филиалының төрағасы Шаяхмет Үмбетов тапсырды.

Мерейі өскен азаматтарды «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жомарт Бегаев құттықтап, толайым табыс тіледі.

 Жасұлан АЯШЕВ.