Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз қашанда «Үлкенге – құрмет, кішіден – ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өсірген, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Қарттарға үнемі ықылас білдіру, қуаныш сыйлауға талпыну – халқымыздың дəстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.
Бүгінгі еліміздің алтын қоры – ардагерлер қауымы. Тəжірибесі мол аға буынның өмір жолы – аса құнды. Кейінгі буын Сіздерге қарап жетіліп, өздеріңіз салған жарқын жолды жаңа заман талабына сай жалғастыруда.
Сіздер арамызда ақылшы, кеңесші ретінде жүргенде ауданды одан əрі дамыту бағытындағы іргелі істер ілкімді негізде атқарыла беретініне сеніміміз мол.
Қазына қарттарымызға қапысыз қамқорлық жасау – біздің басты парызымыз. Бұл ретте, мемлекет тарапынан жыл сайын қарттарға төленетін зейнетақы мөлшері артып, əлеуметтік қолдаулар үзбей көрсетіліп келеді.
Сіздерді мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, күш-қуат, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.
Жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.