Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біз, əрқашан «Үлкенге – құрмет, кішіден – ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дəстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.
Бүгінгі еліміздің алтын қоры – біздің ардагерлеріміз. Тəжірибесі мол аға буынның өмір жолы – аса құнды. Сіздерге қарап, кейінгі ұрпақ жетіліп, жаңа заманға сай сол істерді жалғастыруда. Сіздер əрдайым арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, сіздермен ауданымызды дамытуда іргелі істерді бірлесе атқаратынымызға сеніміміз мол.
Қазыналы қарттарымызға əрдайым қамқорлық жасау – біздің басты парызымыз. Бұл ретте, мемлекет тарапынан жыл сайын қарттарға төленетін зейнетақы мөлшері артып, қарияларымызға əлеуметтік қолдаулар үзбей көрсетіліп келеді.
Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, күш-қуат, отбасыларыңызға бақбереке тілейміз.
Жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін!
Мақсұт ОСПАНОВ,
аудан əкімінің міндетін атқарушы.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы.