Ардақты ағайын! Құрметті аудан тұрғындары!

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін жəне ашар- шылық құрбандарын еске алу күні. Бұл датаның тарихы – қазақ жұртшылығы үшін тым қасіретті. Ұлт тарихында «ақтаңдақ» аталған нəубетті жылдар аз болған жоқ. Əсіресе, өткен ғасырдың 30-50-ші жылдары халықтың қабырғасын қайыстырып, еңсесін езген оқиғаларды ұмыту, əсте, мүмкін емес. Бұл күні біз азапты кезеңдер құрбандарын еске алып, рухына тағзым етеміз. Өткенге ойша оралсақ, 1916 жылғы топалаң, одан кейін азамат соғысы, 1928-1929 жылдардағы мал-мүлікті тəркілеу, 1931-1932 жыл- дардағы ашаршылық, 1937-1938 жылдар үлесіндегі саяси-қуғын сүргін – осының бəрі исі қазақты баудай түсірді. Бірақ, маңдайалды асылдарын жоғалтқан қазақ қанша зұлмат болса да, тағдырдың қыл көпірінен аман өтті. Уақыт өте келе етек-жеңін жиды. Ір- гелі Тəуелсіз ел болды.
Кейінгі ұрпақ нəубет жылдары Отанына кір- шіксіз адалдығын сақтап, қиыншылықты қайыспай көтере білген есіл ерлердің жарқын бейнесін мəңгі ұмытпайды.
Бұл күн өткенге үңіліп, болашаққа бағдар жасау үшін керек. Зұлматты кезеңге куə болған адамдар, қуғын-сүргіннің құрбаны болған азаматтардың ұрпақтары бүгінгі ел Тəуелсіздігіне тəубе етеді.
Тарихтың көз жасын көрмеген ұлттың, одан сабақ алмаған жұрттың адасуы көп болары анық. Сондықтан, біз бабалар бастан кешкен тарихты жиі еске алып отыруға тиіспіз.
Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болған азаматтар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың туған елі мен жеріне сүйіспеншілігін өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, патриоттық сезімін ояту – басты міндет. Қазіргі таңда өркениетті елдер қатарына қосылуды мақ- сат тұтқан егемен елдің бүгіні оңай келмегенін жас ұрпақ біліп жүруі тиіс.
Бабалар рухы қолдап, Тəуелсіз елдің əр таңы нұрлы болғай!

Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының əкімі.

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы.