Қарағандының балалар үйінде болашақ батырларға арналған спорт залы жабдықталды
Қарағандыда «Таңшолпан» балалар үйі тәрбиеленушілерінің спорттық жетістіктерімен танымал. Жергілікті чемпиондар-футболшылар мен велошабандоздар бірнеше жыл бұрын Еуропа елдерінде болған. Енді бокс пен күрес әуесқойлары өз шеберліктерін шыңдай алады.
Спорттық құрал-жабдықтарды балалар үйіне «Батыр боламын» қайырымдылық қоры сыйға тартты.
– Бізге бокспен және күреспен айналысу үшін қажеттінің барлығын сыйға тартты: маттар, бокс тұлыбы мен қолғаптар, шлемдер, спорттық снарядтар. Осының арқасында біз жаттығу залын қайта бейіндедік. Енді балалардың спортпен айналысуына көбірек мүмкіндіктер бар, – дейді «Таңшолпан» балалар үйі директорының орынбасары Гүлмира Майкамбева. – Әрине, біз қуаныштымыз. Бұл балаларымыз үшін керемет сыйлық. Бізде спорт жақсы дамыған. Ал қазір пандемияға байланысты барлық негізгі өмір балалар үйінің қабырғасында өтіп жатыр.
«Батыр боламын» қайырымдылық қорының миссиясы – салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы жаңа буынды тәрбиелеу.
«Таңшолпан» тәрбиеленушілері спорттың әр түрінен қалалық, облыстық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Балалар үйінің командалары футболдан, велоспорттан және үстел теннисінен Қазақстан чемпиондары атанды.