Қарағандылық жастарды еріктілер қатарын толықтыруға шақырады
Қаланың жастар ресурстық орталығы қарағандылықтарды еріктілер командасына қосылуға шақырады. Қазіргі уақытта Jastar Birge жастар еріктілер институтын дамыту бойынша жобаға 150-ден астам адам қатысуда, олардың қатарында жұмысшылар, мектеп оқушылары, орта және жоғары оқу орындарының студенттері бар.
Әлеуметтік жоба бойынша жарты жыл ішінде еріктілер 20 отбасына ұн, қант, қарақұмық, күріш, сүт, макарон өнімдері, тоқаш, шай, күнбағыс майы, тұз, бұқтырылған сиыр еті кіретін себеттерді ай сайын жеткізетін болады. Акцияның барлық кезеңінде 120 отбасы азық-түлік көмегін алады.
– Көмек жалғыз басты қарт адамдарға, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетіледі. Маусым мен шілде айларында азық-түлік жиынтығын 40 отбасы алды. Жастарды @jastar birge Instagram-парақшасына жазу арқылы немесе сипаттама нысанын толтыру арқылы біздің командаға қосылуға шақырамыз, – дейді Қарағанды Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сымбат Әубакірова.
Жоба Қарағанды Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Қазақстан жастары фракциясы» қоғамдық қорының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда. Ол жас қарағандылықтар арасында волонтерлікті дамытуға, қаланың волонтерлік ұйымдарын альянсқа біріктіруге бағытталған. Еріктілер келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: әлеуметтік, білім беру, мәдени, спорттық және зоо.
Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі