Қарағандылықтарды сәндік алма ағаштарын отырғызу науқанына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы «ЭкоОбраз» қоғамдық бірлестігі және Экологиялық мұражаймен бірлесіп, 1-ші мамыр 11.00-де Қарағандыны көгалдандыру бойынша акция ұйымдастырады. Каскад алаңында 20 сәндік алма ағашы отырғызылмақ.

Бақшаларда өсетін алма ағаштарына қарағанда бұл ағаш түрі қыста суыққа, жазда құрғақшылыққа төзімділігімен, сонымен қатар тез жерсінуімен және топырақ талғамайтындығымен ерекшеленеді.

Алма ағашы аллеясының негізін қалауға арналған шараға қатысқысы келетіндерге ұйымдастырушылар (8-7212) 41-33-44 нөмірі немесе +7-705-759-99-09 WhatsApp-нөмірі бойынша тіркелуді сұрайды. Акцияға қатысушылар саны шектеулі.