Қарағандылықтар өздерін сайлаушылар тізімінен онлайн тексере алады

Елімізде  2021 жылы 10 қаңтарда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Қарағанды облысының тұрғындары өздерін сайлаушылар тізімінен  sailau09.kz сайтынан тексере алады. Сайттың нұсқасы көру қабілеті нашар адамдарға да қол жетімді.

Егер интернет арқылы өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексере алмасаңыз, онда  Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығына қоңырау шалуға болады. Операторға өзіңіздің ЖСН немесе жеке куәлігіңіздің нөмірін көрсету қажет. Мұнда сізге сайлау учаскесінің қайда екендігі туралы айтылады.

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарды азаматтық ұстаным танытуға және алдағы сайлауға жауапты қатысуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру кезінде 18 жасқа толған азаматтар белсенді сайлау құқығына ие.