Қарағандылықтар «Өмір ағашы» байқауына қатыса алады

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «ЭкоОбраз» қоғамдық бірлестігімен серіктесе отырып «Өмір ағашы» шығармашылық байқауын өткізбек. Шара 1-31 мамыр аралығында өтеді.

Байқауға Қарағанды облысының аумағында тұратын 6 жастан 24 жасқа дейінгі балалар мен жастар қатыса алады.

Барлығы бес номинация:

— «тарихы бар ағаш» репортажы;

— «ағаштардың сыбырлаған әңгімелері» өлеңі мен прозасы;

— «Қарағанды облысының ең ерекше ағаштары» фотосы;

— «Жасыл қала» плакаты;

— «Қазақстанға 1 000 ағаш» челленджі.

Байқау жұмыстарын келесі электронды мекенжайға жолдау қажет: ecoobraz.krg@gmail.com.

Әр номинация бойынша жеңімпаздар дипломдармен және кәдесыйлармен марапатталады.

Байқау туралы ережені Taplink-тен жүктеуге болады. Ол ecomuseum.kz Instagram профилінің басты бетінде болады немесе ұйымдастырушылардан WhatsApp арқылы сұрауға мүмкіндік бар: +7-705-759-99-09.